Еркек болсаң... Телефондағы әңгімең 30 секундтан ұзаққа созылмайды; Ауылға барып қайту үшін бір чемодан жеткілікті; Теледидардағы арналарды 5 секундтан артық қарамай, жыпылдата бересің; Үнемі керек-жарақтар салынған сөмке ұстап жүрмейсің; Біреу-міреу сын айтып жатса, оған еш шу шығармайсың; Гараж бен теледидар пульті – сенікі және тек қана сенікі; Егер сені біреу бір жерге шақыруға ұмытып кетсе, бәрібір де дос болып қала бересің; Ешбір адам сені жылата алмайды; Әр түн сайын жұмсақ аюды құшақтап ұйықтамайсың; Жасың 34-те болсын-болмасын, ешкім оған мән бермейді; Табиғи түр-реңмен жүресің; Бүкіл қиындықтар гүлмен-ақ шешіліп жатады; Бір жылға үш-ақ аяқ-киім жетпек; Ыстықтап кеткен жағдайда теркөйлекті (майка) шеше аласың; Күні бойы досыңмен бірге отырып, алаңсыз футбол көресің; Досыңның үйіне сыйлық-мыйлықсыз-ақ кіріп-шыға аласың.

Теги:

Теги других блогов: